Показать содержимое по тегу: Кооперация
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы "Керей" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өткен жылы құрылған. Негізгі жұмыс бағыты - сүтті мал шаруашылығы болып табылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бірігіп, жаңадан құрылып жатқан ауылшаруашылық кооперативтері үшін кепілдік жүктемені азайтатын механизм қарастырды. Сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттері үшін модульдік құрал-жабдықтар немесе сүт тасымалдайтын көлік, рефрижератор сатып алатын жағдайда кооперативтер кепілдікке несиелік қаржыға сатып алынатын мүлікті қоя алады, деп жазады silteme.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ауылшаруашылық кооперацияларын қолдау үшін биылғы жылы 52 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 27 млрд. теңге және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд. теңге. Егер Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2017-жылы 326 кооператив құру жоспарланған болса, енді оның санын 467-ге жеткізу жоспарланып отыр. Өз кезегінде, аталған міндеттердің үдесінен шығу үшін талапты азаматтардың не істеп, не қоятыны бойынша алдын ала ақпараттандыру керек екендігі белгілі. Осы орайда, бұрын-соңды жарық көрген материалдарды саралай келе, silteme.kz ақпараттық порталының тілшісі ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін жасалатын 10 қадамды кезең кезеңге бөліп, түзген еді.